«Тәкәппар екенсіз»: әнші Нұрланмен қол алыспайтынын айтқан Мұқасан Шахзадаев сынға ұшырады (ВИДЕО)

/
«Тәкәппар екенсіз»: әнші Нұрланмен қол алыспайтынын айтқан Мұқасан Шахзадаев сынға ұшырады (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

«Нұр-Мұқасан» тобының әншісі Мұқасан Шахзадаевтың Нұрланмен арадағы қарым-қатынасы туралы айтқан сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Әншінің бұрынғы әріптесімен татуласпақ ойы жоқ екенін аңғартқан мәлімдемесі көпшіліктің көңілінен шықпаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жетінші арнаға» сұхбат берген Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен байланысын үзгенін жеткізді. Оның айтуынша, бірнеше басқосуда бұрынғы әріптесі өзі бірінші болып амандасуға әрекеттенген. Алайда әнші оның қолын алудан бас тартқан.

«Мен амандаспаймын. 2-3 тойда қызып жатқан кезде маған қолын созды. Қолын алмай қойдым. Ең бастысы, аман болсыншы», – деді ол.

Оқырмандардың басым бөлігі Мұқасанның әрекетін түсінбейтінін айтып, оны тәкаппарлыққа балаған. Кейбірі Нұрланның бірінші болып қол ұсынғанын азаматтық пен кісіліктің белгісі деп бағалады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары