сәрсенбі, 9 сәуір, 2025

Қарағанды облысында балықшы көлігімен бірге суға батып кетті

/
Видеодан алынған кадр
Ведомство өкілдері қандай жағдай болмасын көлікпен мұзға шықпауды ескертеді

Қарағанды облысында балықшы көлігімен бірге суға батып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Қарағанды облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.

Бүгін сағат 02-16-да Осакаров ауданы Молодежный кентінен 10 шақырым жерде Қ.Сәтбаев каналының № 10 ГЭС-нен балық аулау кезінде «Renault» жеңіл көлігі мұз астына құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Анықталғандай, көлікте 3 адам болған. 2 адам жағаға өз бетімен шыққан. Оларға медициналық көмек қажет болмады. ТЖД күшімен 1985 жылы туған үшінші азамат іздестіріліп жатыр, – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері қандай жағдай болмасын көлікпен мұзға шықпауды ескертеді.

Бөлісу: