Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілген, деп хабарлады turkystan.kz.
Қабылданған шаралардың арқасында лак-бояу өнімдері сақталған қойманың барлық алаңына және жақын орналасқан жеке тұрғын үйге оттың тарауына жол берілмеді. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 39 қызметкері мен 13 техникасы, Алматы қаласы ТЖД 5 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды, – делінген хабарламада.