Алматы облысында дәнекерлеу цехы өртенді

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 39 қызметкері мен 13 техникасы, Алматы қаласы ТЖД 5 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды

Алматы облысында дәнекерлеу цехы өртенді
ТЖД
951

Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданы Белбұлақ ауылында дәнекерлеу цехының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Қабылданған шаралардың арқасында лак-бояу өнімдері сақталған қойманың барлық алаңына және жақын орналасқан жеке тұрғын үйге от өрт таралмады.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 39 қызметкері мен 13 техникасы, Алматы қаласы ТЖД 5 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары