Қазақстандық спортшы Канвонда үздік бестікке енді

Александра Скороходова Канвондағы жасөспірімдер олимпиадасында үздік бестікке енді.

Қазақстандық спортшы Канвонда үздік бестікке енді
olympic.kz

Тау-шаңғы спортының өкілі қазақстандық Александра Скороходова Канвондағы жасөспірімдер олимпиадасында үздік бестікке енді, деп хабарлады turkystan.kz.

BasSport.kz сайтының мәліметінше, жерлесіміз алып слалом жарысында медальға сынық сүйем қалғанда тоқтады. Алғашқы мүмкіндігінен соң Скороходова аралық тоғызыншы орында тұрған. Екінші кезеңде ол жағдайын жақсартып, нәтижесінде бестікке енді.

Бұл сында италиялық Джорджиа Колломб жеңіске жетсе, екінші орынға швейцариялық Шайен Зендер ие болды. Үздік үштікті швециялық Астрид Хедин түйіндеді.