Канвон-2024: Қазақстан медальдар кестесінде нешінші орында тұр

Бүгін шаңғымен тұғырдан секіруде Илья Мизерных чемпион атанды

Канвон-2024: Қазақстан медальдар кестесінде нешінші орында тұр
Ашық дереккөз

Канвон қаласында (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиаданың медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы қай орынға жайғасқаны белгілі болды, деп жазады turkystan.kz.

Бүгін шаңғымен тұғырдан секіруде қазақстандық Илья Мизерных чемпион атанды.

Нәтижесінде ел құрамасы медальдар кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Әзірге Қытай 1 алтын, 2 күміс медальмен көш бастап тұрса, одан кейінгі орындардағы Франция, Германия, Италия 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль алған.