Көкшетаудағы түнгі клубта қыздар бір-бірін балағаттап, төбелескен

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Көкшетаудағы түнгі клубта қыздар бір-бірін балағаттап, төбелескен
скриншот

Көкшетауда түнгі клубқа келуші әйелдер арасында төбелес болды.

Көкшетау қаласының полиция департаментіне медицина қызметкерлерінен ауруханаға түрлі жарақатпен 27 жастағы қыздың жеткізілгені туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жәбірленушінің жергілікті клубта төбелес кезінде жарақат алғанын анықтады.

Аталмыш факт бойынша полицейлер қыздардың бірі би билеп жатқанда екіншісін абайсызда итеріп жібергенін анықтады. Бір-бірін балағаттаған екі қыз артынша төбелесіп қалған.

“Бұзақылық фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 31 жастағы әйелді анықтады. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.