Қарағандыда өрттен 14 адам құтқарылды

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ

Қарағандыда өрттен 14 адам құтқарылды
Ашық дереккөз
1083

Қарағанды қаласында өрттен 14 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz.

13 қаңтарда он қабатты тұрғын үйдің электр бақылау жәшіктерінде 12 желілік метр электр сымының оқшаулағышы, сондай-ақ арба мен велосипедтің жанғыш бөліктері жанды. Өрт бір сағаттан аз уақытта сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

ТЖД күштері құтқару қалпақтарын қолданып, баспалдақпен 14 адамды құтқарды, оның 8-і балалар.

Серіктес жаңалықтары