Президент таяу арада Әзербайжанға барады

Өткен жылдың желтоқсан айында Әзербайжан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты шақырған еді.

Президент таяу арада Әзербайжанға барады
akorda.kz
832

Таяу арада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Sputnik.kz сайтының мәліметінше, ол Қазақстан Президентінің сапары аясында Физулиде Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанаты өтетінін айтты.

Құрманғазы атындағы балалар шығармашылық орталығының құрылысы 2023 жылы басталып, сәтті аяқталды.

Өткен жылдың желтоқсан айында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты шақырған еді.

Бұған дейін Ақорда Қазақстан Президентінің шешімімен Физули қаласында Құрманғазы атындағы шығармашылықты дамыту орталығының іргесі қаланатыны хабарлаған болатын.

Мемлекет басшысы қазақ халқының атынан жасалған бұл сыйлық елдеріміздің достығының, бауырластығының және өзара қолдаудың тағы бір нышаны болатынын атап өтті.

 

Серіктес жаңалықтары