Футзалдан Қазақстан кубогының иегері анықталды

Турнирде бас жүлдені алматылық «Қайрат» пен «Семей» командалары сарапқа салды

Футзалдан Қазақстан кубогының иегері анықталды
«Қайрат» футзал клубының баспасөз қызметі

Футзалдан Қазақстан кубогы мәресіне жетіп, алматылық «Қайрат» аталған турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Түркістан қаласында Қазақстан кубогынында «Төртеудің финалы» ұйымдастырылды. Турнирде бас жүлдені алматылық «Қайрат» пен «Семей» командалары сарапқа салды. 

Кездесу барысында алматылық команда қарсыласынан 5:3 есебімен басым түсті. «Қайрат» командасының сапынан Денер хет-трик авторы атанса, Дәурен Тұрсағұлов пен Эдсон бір-бірден мергендік танытты. Алматылық клуб екі голын соңғы минуттарда соқты. Осылайша «Қайрат» өз тарихында он тоғызыншы мәрте кубокты төбесіне көтерді.

Ал «Семей» сапынан Дедезиньо екі голды еншісіне жазса, Гильерме Тейшейра бір мәрте көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. 

Үшінші орын үшін сайыста «Ақтөбе» шымкенттік «Ордабасыны» 6:1 есебімен жеңді.