Алматы облысында жер үй өртеніп кетті (ВИДЕО)

Алматыда жер үйден өрт шықты

Алматы облысында жер үй өртеніп кетті (ВИДЕО)
СҚО төтенше жағдайлар департаменті

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Қошмамбет ауылында төбесі өртенген жер үйдің видеосы шықты, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Видеодағы жазбада өрт Қошмамбет ауылында болғаны, өртке электр тоғының істен шығуы себеп болуы мүмкін екені жазылған.

Алматы облысы Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, 15 желтоқсан күні түнгі сағат 21:47 минутта Қошмамбет ауылы, Таң көшесінде үй өртенгені туралы хабарлама түскен.

«Сағат 21:47 минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер Қошмамбет ауылы 34/14 мекенжайда ауданы 9х7 метр болатын тұрғын үйдің шатыры жанып жатқанын анықтады. Өрт сағат 22:02-де оқшауланып, сағат 22:12-де өрт толықтай сөндірлді. Өрттен зардап шеккендер болған жоқ», - деп хабарлады Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.