Президент футзалдан Қазақстан мен Нидерланд құрамасы ойынын тамашалауға келді

ездесу футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Президент футзалдан Қазақстан мен Нидерланд құрамасы ойынын  тамашалауға келді
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Нидерланд командасына қарсы ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсету үшін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына келді, деп хабарлайды turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Кездесу футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Мемлекет басшысымен бірге Ұлттық құрамаға кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және қақпашы Игорь Шацкий да қолдау білдіріп отыр.