Астанада студент қыз корей азаматын алдап кеткен

Студент қонақ үйде Корея азаматының телефонын интернетті пайдалану үшін сұрап, одан өзінің картасына қомақты ақшаны аударып алған.

Астанада студент қыз корей азаматын алдап кеткен
pexels.com
1300

Астанада Корея азаматының ақшасын ұрлаған бойжеткен ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 21 жастағы қыз әлеуметтік желі арқылы шетелдікпен танысып, онымен бірге қонақ үйге барып, сол жерде оның картасынан өзінің картасына көлемді сомадағы ақшаны аударып алған. Содан кейін ертесіне студент қыз қонақ үйді тастап кетіп қалған.

Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 21 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу кезінде студент қыз Корей Республикасының азаматымен әлеуметтік желіде танысып, бірнеше күн бірге жүргенін, содан кейін онымен қонақ үйде бір түн болып, шетелдіктің ақшасын алғанын мойындады.

Студент қонақ үйде Корея азаматының телефонын интернетті пайдалану үшін сұрап, одан өзінің картасына қомақты ақшаны аударып алған. Ал жігіт таңертең тұрып, картасындағы ақшаның жоғалғанын білген соң, полицияға хабарласып, қыздың үстінен арыз жазған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу болып жатыр. Егер бойжеткеннің қылмысы дәлелденсе, ол Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша сотталуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары