Тұмауды жеңу оңай емес

Мамандар алдағы мереке күндері халық көп жиналатын орындарға барудан сақтану керегін ескертіп отыр. Сон­дай-ақ шетелге саяхаттайтын қазақ­стан­дықтарға да уақытылы вакцина алып, ме­дициналық бетперде киіп, түшкіру не­месе жөтел сияқты белгілері бар адам­дар­мен тығыз байланыста болудан аулақ болу­ды ұсынады.

Тұмауды жеңу оңай емес
ашық дереккөз

Ел арасында Гонконг тұмауы атанып кеткен H3N2 тұмауы биылғы маусымда алғаш рет Алматыда тіркелгенімен, уақыт өте келе еліміздің барлық аймағына тарала бастады. Дәрігерлер тұр­ғындарға аса сақ болуды ескерткенімен, елімізде тұмау, ЖРВИ дерті асқынып тұр. 

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғи­ният биыл тұмауға қарсы 2 млн 400 мың адам егілгенін мәлімдеді. Бұл жал­пы ха­лық­тың – 12,1 пайызы. Қауіпті топ­тар­дағы адам­­­­­­дар да вакцина алған. Олар­дың ішінде ба­лалар, созылмалы аурумен ауыратындар жә­не жүкті әйелдер бар. 

– Эпидемиологиялық маусым бастал­ғ­а­­лы бері ЖРВИ-дің 1,3 млн жағдайы тір­кел­­ді, оның 66 пайызы – 14 жасқа дейінгі ба­­лалар. Өткен жылдың осы кезеңімен са­­­­лыстырғанда ауру деңгейі 8 пайызға тө­мен. Қараша айынан бері тұмаумен ауыр­ған­­дардың 30 пайызы – балалар. Биыл тұ­­маудың А және В типті таралымы бай­қа­­­лады», – деді еліміздің Бас дәрігері.

Мамандар биыл коронавирустық ин­фек­цияға қатысты эпидемиологиялық жағ­дай тұрақты төмендегенін айтады. Ми­­нистрдің айтуынша, биылғы жылдың ба­сынан бері коронавирус 2,6 есеге тө­мен­де­ген. Биылғы 10 айда 11 734 адам ауырып, 7 мыңға жуығы стационарлық ем қабыл­да­са, 1 300 адам екпе алған. Қазір 2 нау­қас ауруханада емделіп жатыр. 
Астана қалалық санитарлық-эпи­де­мио­логиялық бақылау департаменті бас­шы­сының орынбасары Жанна Пралиева­ның айтуынша, жедел респираторлық вирустық инфекциялардың ішіндегі ең қауіптісі – тұмау.

– А және В тұмауы вирустың маусым­дық өсуін тудырады. А типті вирус адам­дар­ға да, жануарларға да жұғуы мүмкін. Құс және шошқа тұмауы А типті тұмаудың түрі. Вирустың бұл түрі табиғатта эпи­де­мия­ға айналған ауыр немесе орташа ауыр­лықтағы ауруларды тудырады. В типті вирус тек адамнан адамға жұғады. Бұл ви­рус түрі әдетте жергілікті сипатта бола­ды және А типті тұмау эпидемияларының ал­дында немесе олармен қабаттасуы мүм­кін, – деді Жанна Пралиева. 

2023-2024 жылдардағы эпидемиялық мау­сымда маусымдық тұмауға қарсы им­мун­дау үшін жергілікті бюджет қара­жа­ты­нан Ресейде өндірілген «Гриппол плюс» вак­цинасының 160 мың дозасы қосымша са­тып алынды. 
Еліміздегі эпидемиялық жағдай тұрақ­ты болмай отыр. Қарапайым халық тұмау­дың коронавирустан, ЖРВИ-ден айыр­ма­шы­лығын ажырата алмайды. Өйткені үшеуі­нің де ұқсас белгілері көп. Оған қоса нау­қастардың ауруханаға бармай үйден ем­делуі де жағдайды ушықтыра түскендей. Үй жағдайында емделген науқас өзі жа­зыл­ғанымен, отбасы мүшелеріне жұқ­тыруы мүмкін. 
Эпидемиялық маусымның басталуына байланысты ЖРВИ, тұмау және COVID-19 ауруының ең жиі кездесетін белгілері, ин­кубациялық кезеңдері және ұзақтығы ту­ра­лы дәрігер терапевт Ирина Андреева: «Ауру белгілерін нақты тізбектеп беру мүм­кін емес. Сайып келгенде, коронавирусты тек тест нәтижесі мен дәрігер ғана нақ­ты­лай алады. Алайда ауру белгілерінде айыр­ма­шылықтар бар», – дейді. Мәселен, суық тиген кезде адамның мұрнынан су ағады, жөтеледі, тамағы ауырады. Ал COVID-19 ке­зінде жөтел пайда болады, мұрыннан су аға­ды, дене ауырып, жалпы әлсіздік пен ен­тігу басталады. Ал тұмауда суық тию белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас болғанымен, тұмаудың белгілері айтарлықтай ерекшеленеді екен. Тұмаудың басты белгілеріне қалшылдау, бастың немесе өне бойдың ауыруы жатады. Сондай-ақ құрғақ жөтел, жалпы әлсіздік, тер басу, мұрыннан су ағу, жүректің айнуы, құсу, диарея сынды белгілері бар. 

– Аурудың жеңіл және орташа ауыр түрінің белгілері пайда болғаннан кейін 10 күн­нен соң жұқтыру қабілеті айтарлықтай тө­мендейді. Алайда, кейбір ауыр науқас­тар­да ауру басталғаннан 8-15 күн өткеннен соң жағдайдың нашарлауы байқалады, – деп түсіндіреді Андреева.

Тұмаудан әсіресе егде жастағы адам­дар қат­ты жапа шегеді. Сондай-ақ тұмаумен ауы­ратын науқастарда аурудың ал­ғашқы бел­гілері пайда болғаннан кейін 1 апта бойы жұқпалылығы сақталады. 
Қытайда да тұмауға ұқсас вирус өршіп жа­­тыр. Елдің солтүстігінде балалар ара­сын­да ЖРВИ кеңінен тарап жатыр. BBC-дің мә­ліметінше, елдегі кейбір аудандық ауру­ха­­наларда науқас бүлдіршіндер өте көп. Ем­деу мекемелерінде оттегі маскаларын тақ­қан кішкентайлар көбейген дейді ба­сы­лым. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қы­тайда вирустың өршуіне алаңдап, ел би­­­лігінен аталған ауруға қатысты ақпарат беру­ді сұраған. Ал Қытай билігі тұмаудың өр­шуін коронавируске қарсы шаралардың тоқ­тауымен байланыстырып отыр.
Сондай-ақ Ұлыбританияда тұңғыш рет шош­қа тұмауының H1N2 штамын жұқтыр­ған адам тіркелді. Бұл ауру адамға доңыздан жұ­ғады. Еске сала кетсек, алғаш 2009 жылы ін­деттің осыған ұқсас штаммы әлемде пан­де­мия тудырып, 280 мың адамның өмірін жал­маған болатын. Алайда, дәрігерлер жаңа штамнан аса қауіп жоқ деп мәлімдеп отыр. Егер инфекция белгілері анықталса, дереу оқшауланып, басқалармен қарым-қа­ты­наста болмауға шақырады. 
Мамандар алдағы мереке күндері халық көп жиналатын орындарға барудан сақтану керегін ескертіп отыр. Сон­дай-ақ шетелге саяхаттайтын қазақ­стан­дықтарға да уақытылы вакцина алып, ме­дициналық бетперде киіп, түшкіру не­месе жөтел сияқты белгілері бар адам­дар­мен тығыз байланыста болудан аулақ болу­ды ұсынады. 

Нұржамал Өмірбекқызы, 
терапевт дәрігер: 

COVID-19 келесі жылы қайта 
оралуы мүмкін

– Күніне тұ­мау­­­дан емделуге ауру­ха­наға 5-7 нау­қас ке­­ле­ді. Та­ра­лып жат­қан Гон­конг тұ­мауы – ты­ныс алу жол­да­ры­ның ауруы. Бұл ауру өз атауын 1968-1969 жылдары Гон­конг­та миллионға жуық адамның өмірін қи­ған пандемиядан кейін осылай атала бас­таған. 
Ауру тыныс алу және ас қорыту жүйе­лері­не әсер етеді. Негізгі белгілері: құрғақ ж­өтел, тамақ ауруы, бас ауруы, қатты әлсіз­дік және ас қорытудың қиындауы.
Тұмаудың бұл түрі қысқа инкуба­ция­лық кезеңмен, аурудың жедел басталуымен және тез қалпына келетін жылдам циклдік ағы­мымен сипатталады. Ауыр тұмау тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілерімен, өкпе ісінуі, қан тамырларының коллапсы, це­реб­ральды ісіну, геморрагиялық синдром және қайталама бактериялық асқыну­лар­дың қосылуымен төменгі тыныс жолдары­ның зақымдалуымен бірге жүреді.
Ал тұмау – А, В және С типті вирустар ту­дыратын, ауа-тамшылары арқылы жедел тарайтын, өте жұқпалы респираторлық вирустық инфекция. Бір қызығы, 2020-2021 жылдары тұмаумен аурырғандар аз бол­ды. Ғалымдар мұны COVID-19 көптеген вирусты «ығыстырды» деп түсіндіреді. Алай­да бұл инфекция 2023-2024 жылдары қайта оралады деген болжам да бар. 
Екі жыл ішінде тұмауға қарсы иммуни­теті жоқ адамдардың үлкен популяциясы қа­лыптасты, сондықтан тұмау вирусын ас­қынуларға алып келуі мүмкін. 
Оқырмандарға айтар кеңесім, тұмауды жеңу оңай емес. Сондықтан төсек режимін сақтап, көп сұйықтық ішу қажет. Егер ауру бас­талған 3-4 күн ішінде жағдайыңыз жақ­сармаса, дереу дәрігерге хабарласыңыз.