Ақтауда жүк көлігі аударылып кетті

/
Ақтауда жүк көлігі аударылып кетті
видеодан скриншот

Ақтаудың іргесіндегі тасжолда асфальт тиеген Shacman жүк көлігі аударылып қалды. Жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, ауыр жүк көлігін бүйіріне аударып алған. Абырой болғанда, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 24 қарашада Құрық ауылына қарай бағытталған жолда болған. Апат кезінде жүк көлігінің кабинасында жүргізушіден басқа ешкім болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол рөлге ие бола алмай, салдарынан ауыр жүк көлігі бүйіріне аударылған.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылған. Дәрігерлер жүргізушіні тексергенімен, одан ешқандай жарақат анықталмаған.

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған бап көлік құралдарына, жүктерге, жолдарға, құрылыстарға немесе өзге де мүлікке зақым келтіріп, материалдық шығынға әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейді.

Бұл бап бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар