Түркістан облысында ауруханаға бөлінген 117 млн теңгені жымқырғандар сотталды

/
Түркістан облысында ауруханаға бөлінген 117 млн теңгені жымқырғандар сотталды
ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысында Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына медициналық жабдық сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында аурухананың бұрынғы бас дәрігері мен кәсіпкер реанимациядағы науқастарға медициналық көмек көрсету үшін қажетті оттегімен жабдықтау жүйесін сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырғаны анықталды

Аталған схеманы іске асыру үшін бірыңғай медициналық кешен бірнеше бөлек тауарға бөлініп, оларды сатып алу өздеріне бағынышты компаниялар арқылы нарықтық бағадан жоғары құнмен рәсімделген.

Алайда іс жүзінде жабдықты жеткізіп, орнату жұмыстарын басқа ұйым жүзеге асырған.

Нәтижесінде мемлекетке 117 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

Қылмыстық жолмен алынған қаражаттың бір бөлігі жылжымайтын мүлік сатып алу және оны туысының атына рәсімдеу арқылы заңдастырылған.

Сот үкімімен аурухананың бұрынғы бас дәрігері 8 жылға, ал кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар мемлекет кірісіне елордадағы пәтер мен екі автокөлік тәркіленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар