Ержан Сейітқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ержан Сейітқұлов жаңа қызметке тағайындалды
Ақорда

Ержан Сейітқұлов ҚР Президенті Әкімшілігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Ғани Өтенұлы Тілеубеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.