Қазақстан құрамасы футболдан Ұлттар лигасында жоғарылады

УЕФА футболдан Ұлттар лигасына қатысушылар тізімін жариялады

Қазақстан құрамасы футболдан Ұлттар лигасында жоғарылады
Ашық дереккөз

УЕФА 2024/25 маусымдағы футболдан Ұлттар лигасына қатысушылар тізімін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Турнирдің жаңа маусымында Қазақстан құрамасы В дивизионында өнер көрсетеді. Себебі 2022/23 жылғы маусым қорытындысы бойынша С дивизионында өз тобында жеңімпаз атанды.

Қазақстан өткен маусымда Әзербайжан, Словакия мен Беларусь командаларымен бір топта ойнап, 13 ұпаймен бірінші орын иеленген болатын. Төменде Ұлттар лигасының жаңа ойынына қатысушылар тізімі дивизион бойынша көрсетілген.

А дивизионы

Бірінші себет: Испания, Хорватия, Италия, Нидерланд

Екінші себет: Дания, Португалия, Бельгия, Мажарстан

Үшінші себет: Швейцария, Германия, Польша, Франция

Төртінші себет: Израиль, Босния және Герцеговина, Сербия, Шотландия

В дивизионы

Бірінші себет: Аустрия, Чехия, Англия, Уэльс

Екінші себет: Финляндия, Украина, Исландия, Норвегия

Үшінші себет: Словения, Ирландия, Албания, Черногория

Төртінші себет: Грузия, Греция, Түркия, Қазақстан

С дивизионы

Бірінші себет: Румыния, Швеция, Армения, Люксембург

Екінші себет: Әзербайжан, Косово, Болгария, Фарер аралдары

Үшінші себет: Солтүстік Македония, Словакия, Солтүстік Ирландия, Кипр

Төртінші себет: Беларусь, Литва/Гибралтар, Эстония, Латвия

D дивизионы

Бірінші себет: Литва/Гибралтар, Молдова

Екінші себет: Мальта, Андорра, Сан-Марино, Лихтенштейн.