Асхат Тағыберген Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі үздік гол авторы атанды

Еуропалық іріктеу кезеңінің ТОП-10 голын УЕФА-ның техникалық бақылаушылары анықтаған.

Асхат Тағыберген Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі үздік гол авторы атанды
Фото: @kff_team

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің соққан голы Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) нұсқасы бойынша «Еуро-2024» іріктеу кезеңіндегі үздік гол деп танылды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Біздің капитанымыздың Дания құрамасына соққан голы жанкүйерлердің таңдауы бойынша үздік атанды! Барша жанкүйерге атсалысып дауыс бергендеріңіз үшін алғыс айтамыз», - деді Қазақстан футбол федерациясынан.

Айта кетейік, Еуропалық іріктеу кезеңінің ТОП-10 голын УЕФА-ның техникалық бақылаушылары анықтаған. Сонымен қатар жанкүйерлерге дауыс беру мүмкіндігі берілді.