Қандас студенттер арасында баскетболдан жарыс өтті

Елордада Қазақстанда білім алып жатқан қандас студенттер арасында «Otandastar cup» халықаралық баскетбол турнирі өтті.

Қандас студенттер арасында баскетболдан жарыс өтті

Астанада ҚР СІМ қарасты «Отандастар қоры» КеАҚ және С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ұйымдастыруымен Қазақстанда білім алып жатқан қандас студенттер арасында «Otandastar cup» халықаралық баскетбол турнирі өтті.

Ашылу салтанатында сөз алған ҚР Сенат және Мәжіліс депутаттары Ғалиасқар Төлендіұлы, Болат Бақбергенұлы, Амангелді Ғабдылкәрімұлы және «Отандастар қоры» Қоғамының басшысы Абзал Сапарбекұлы мен С. Сейфуллин атындығы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма мүшесі, Студенттер ісі жөніндегі проректор Жайнагүл Айтмағанбетқызы спортшыларға сәттілік тіледі.

Турнирдің басты мақсаты –  атамекенде білім алып жатқан қандас жастардың арасында достық қарым-қатынас орнату және салауатты өмір салтын насихаттап, ең мықты спортшыларды анықтау.

Биыл үшінші рет өтіп жатқан дәстүрлі турнирде Өзбекстан, Моңғолия, Қытай елдерінен келген 200 жуық жас спортшылар бақ сынады. Қатысушылар 16-25 жас аралығындағы ұл және қыз бала командаларынан құралды.

16 ұл 6 қыз бала командалар ішінен сайдың тасындай іріктеліп шыққан 6 команда үздік атанып, арнайы сертификат пен ақшалай сыйлыққа ие болды.

Ұлдар командасының қорытындысы:

1-орын: «IMS Astana»/Моңғолия  – Еуразия ұлттық университеті;

2-орын: «Reggion 14»/Моңғолия  – Екібастұз, Павлодар, Астанада білім алып, кәсіп бастап жүрген жастар;

3-орын: «Ховд»/Моңғолия  – ЕҰУ, Астана медицина университеті.

Қыздар командасының қорытындысы:

1-орын: «Miamі»/Моңғолия  – Өзбекстан қыздар құрама командасы;

2-орын: «Jas qazaq»/Моңғолия  – ЕҰУ, Астана IT университеті;

3-орын: «Eagle»/Моңғолия  – Еуразия ұлттық университеті.

 Сонымен қатар, «Үздік спортшы» номинациясының иегерлері де анықталды:

«Үздік спортшы» / қыздар арасынан   – өзбекстандық  Аружан Какенқызы.

«Үздік спортшы» / ұлдар арасынан  – моңғолиялық Үмбет Әскерханұлы.

Үздік спортшыларға «Отандастар қоры» Қоғам басшысы Абзал Сапарбекұлы «Отандастар қорының» бір жобасына қатысуға ЖОЛДАМА табыстап, айтулы күндегі жеңістерімен құттықтады.