«Миллионер достарынан»: Әнші Нұржан Қалжан туған күнінде ерекше сыйлық алды

«Табайын жолын қалай», «Бұлбұл құсым» атты хит әндердің орындаушысы Нұржан Қалжан 40 жасқа толып отыр.

«Миллионер достарынан»: Әнші Нұржан Қалжан туған күнінде ерекше сыйлық алды
Фото: instagram.com/nurzhan_halzhan

Әнші Нұржан Қалжан туған күнін өнердегі әріптестерімен атап өтті, деп хабарлады  turkystan.kz.

«Табайын жолын қалай», «Бұлбұл құсым» атты хит әндердің орындаушысы Нұржан Қалжан 40 жасқа толып отыр.

«Менің қуанышымды бөлісіп келген барлық ағайын-туысқа мың алғыс! Мейрамбек аға бастаған өнердегі ағаларымның тілегі қабыл болсын! 40-қа толып, қамал алып жатырмыз», – деді әнші.

Туған күн иесіне түрлі сыйлық берілген. Ал әншінің өзі миллионер достары ерекше сыйлық бергенін атап өтті. Достары әншіге қағаз ақшадан тігілген шапан сыйлады.