Павлодарда 7 жасар қызды өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды

Полиция Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтіруі мүмкін күдіктіні анықтады

Павлодарда 7 жасар қызды өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды
Ашық дереккөз
957

Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қызды анасы өлтірген болуы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Давыдова Милананың белгісіз жоғалып кетуінің мән-жайлары мен себептері анықталды.

Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері оның өтініші бойынша қылмыстың іздерін жасырған анасы мен танысын ұстады. Ұсталғандар қылмысын мойындады.

Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді, Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылықтары бар.

 

Серіктес жаңалықтары