Семейде 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті

/
Семейде 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
Абай облысы ПД

1 қарашада Семей қаласының полиция басқармасына 44 жастағы қала тұрғынынан кәмелетке толмаған ұлын іздестіруге көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іздестіріліп жатқан бала – 2011 жылғы 10 мамырда туған Сейталин Айдар Дамирұлы.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жасөспірім 31 қазанда үйінен шығып кеткен. Алайда осы уақытқа дейін оның жүрген жері анықталған жоқ. Қазір Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

«Полиция азаматтардан көмек сұрайды! Егер сіз Сейталин Айдардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз немесе оны көрген болсаңыз, бұл туралы дереу «102» арнасына хабарлауыңызды немесе жақын маңдағы полиция бөліміне жүгінуіңізді сұраймыз.

Кез келген ақпарат іздестіру жұмыстарына маңызды болуы мүмкін», – делінген полиция хабарламасында. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар