Өскеменде мейрамханадан өрт шықты

Өскемен қаласында мейрамхана өртенді

Өскеменде мейрамханадан өрт шықты
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті
689

Өскемен қаласындағы мейрамханалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, Өскеменде өрт сөндірушілер мейрамханадағы қызыл жалынды жылдам ауыздықтады.

«Грузинская көшесіндегі мейрамхана шатырының ағаш құрылымдары отқа оранған. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Оған дейін мейрамханаға келушілер мен сонда жұмыс істейтін қызметкерлер өз беттерімен сыртқа шығып кеткен», - делінген ақпаратта.

Тілсіз жаумен күреске барлығы жеке құрамнан 35 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің үйлескен іс-әрекеттерінің арқасында жалынның ары қарай таралуына жол берілмеді.

Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Серіктес жаңалықтары