Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған қыз Астанадан табылды

Қызға қатысты ешқандай қылмыс пен құқық бұзушылық жасалған жоқ.

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған қыз Астанадан табылды
Фото: polisia.kz
1540

Степногорскте хабар-ошарсыз кеткен қыз Астанадағы мединалық мекемеден табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz-тің жазуынша, Степногорск қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғынның жұбайы 22 жастағы Елена Моисееваны іздеуге жәрдемдесу туралы өтініші келіп түскен. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоғалған адамның орналасқан жері елорданың медициналық мекемелерінің бірінде анықталды.

Қызға қатысты ешқандай қылмыс пен құқық бұзушылық жасалған жоқ. Тексеру жүргізіліп жатыр.
 

Серіктес жаңалықтары