Көркем табиғаттың видеосын тамашалау денсаулыққа пайдалы – зерттеу

Демалудың бұл әдісі әсіресе телефоннан немесе компьютерден бас алмайтындарға пайдалы.

Көркем табиғаттың видеосын тамашалау денсаулыққа пайдалы – зерттеу
Сурет: ©Shutterstock
1226

Көркем табиғат түсірілген видеоны тамашалау адамның психикалық саулығына пайдалы. New York Post басылымы ғалымдардың осындай тұжырымға келген зерттеуін жариялаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Көркем табиғат аясында серуендеуге уақытыңыз немесе мүмкіндігіңіз бола бермей ме? Онда, зерттеушілер сіз үшін керемет жаңалық ашты: тіпті табиғат туралы видеоларды тамашалау психикалық денсаулықты жақсарта алады. 
 
Демалудың бұл әдісі әсіресе телефоннан немесе компьютерден бас алмайтындарға пайдалы. Құстардың әні мен сарқыраманың гүрілі, бұлақтың сылдыры, тау бейнеленген қысқаша видеоны көргеннен кейін жасөспірімдердегі стресс деңгейі айтарлықтай төмендеген. 

Серіктес жаңалықтары