Астанада мас ер адам қарияны ұрып, араша түскен әйелді де соққыға жықты

/
Астанада мас ер адам қарияны ұрып, араша түскен әйелді де соққыға жықты
видеодан скриншот

Астанада 28 жастағы ер адам егде жастағы тұрғынға шабуыл жасап, оны қорғауға тырысқан әйелді де ұрып-соққан. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға елорданың Майлин көшесіндегі №23 тұрғын үйдің маңында болған. Әлеуметтік желіде ер адамның қарияға күш қолданған сәті түсірілген бейнежазба тарады.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам алдымен үйдің кіреберісінен шыққан егде жастағы тұрғынға тап берген. Кейін жанжалға араласып, қарияны қорғауға әрекеттенген әйелдің артынан қуып барып, оны да соққыға жыққан. Желіде тараған видео көпшіліктің наразылығын туғызды. Оқиғадан кейін Астана қалалық Полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша изоляторға қамалды. Мас күйде болған 28 жастағы ер адамның кіреберістен шыға берісте егде жастағы ер адамға дене жарақатын салғаны анықталды. Бұдан бөлек, ол зардап шеккен азаматқа араша түсуге тырысқан 41 жастағы әйелді де ұрып-соққан", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары күдіктінің оқиға кезінде алкогольдік масаң күйде болғанын анықтаған.

Қазіргі уақытта ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары