Шымкентте бірден 9 көлік айыптұраққа қойылды

/
Шымкентте бірден 9 көлік айыптұраққа қойылды
instagram.com/police_shymkent

Шымкент қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған тоғыз BMW автокөлігі арнайы айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тәртіп бұзған жүргізушілер Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталған. BMW маркалы бірнеше автокөлік жүргізушісі қала көшелерінде жол қозғалысы ережелерін сақтамай, өзге көлік қатысушыларына қауіп төндірген.

Полиция қызметкерлері бейнежазбаларды зерделеп, құқық бұзушылыққа қатысы бар жүргізушілерді анықтаған. Нәтижесінде тоғыз жүргізушіге қатысты жол жүрісі қағидаларын бұзу және апаттық жағдай туғызу деректері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар барлық тоғыз BMW автокөлігі арнайы айыптұраққа жеткізілді.

Шымкент қалалық Полиция департаменті жүргізушілерге жолдағы тәртіпті сақтау қажеттігін ескертті. Ведомство өкілдері жол қозғалысы ережелерін елемеу өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін атап өтті.

Полиция тұрғындарды жолда жауапкершілік танытып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар