Қазақстан шағын футболдан әлем чемпионатының финалына шықты

Еліміз әлем чемпионатының финалында

Қазақстан шағын футболдан әлем чемпионатының финалына шықты
Ашық дереккөз

Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Біріккен Араб әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалға шықты, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалдық белдесуінде Әзірбайжанмен шеберлік байқасып, келесі кездесуге жолдама алды. Енді олар Әлем чемпионатының финалында осы турнирде екінші орын алған Румыния өкілдерімен кездеседі.

Осылайша Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш мәрте финалға жолдама алды. Шешуші тартыс 4 қарашада өтеді.