1114
Өзбекстанда көп әйел алуды насихаттауға тыйым салынды
Діни жолмен неке қидырғандар айыппұл төлейді немесе 15 күнге қамалады.
Өзбекстан көп әйел алуға үгіттеуге заң бойынша тыйым салды, деп хабарлайды Turkystan.kz.
Өзбекстан Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, бұдан былай көп әйел алуды насихаттау қылмыстық іске жатады. АХАЖ органына жүгінбей, діни жолмен неке қидырған азаматтар 810-1 620 доллар аралығында айыппұл төлейді немесе 15 күнге қамауға алынады.
«Көп әйел алуды насихаттау, көп әйел алу адамгершілікке қайшы әрекет. Отбасыға қарсы жасалған қылмыс. Біз полигамияны қолдаймыз, моногамияға жол бермейміз. Зайырлы мемлекетте заң талабы сақталуға тиіс. Көп әйел алуды насихаттап жүрген вайнерлерге шара қолдану қажет. Телеарналардың эфирінен көп әйел алуға қатысты фильмдерді алып тастау кере», – деп жазды өзбек ақыны Тилланисо Нурёғди.
полигамия