Осыған дейін ән айтып танылған Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желіде көз тию туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқырмандардың бірі одан балаларын неге көрсетпейтінін сұраған.
«Кезінде бала-шағаны көрсетіп, түсіре беретін едім. Өздеріңіз білесіздер, көз деген нәрсе бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Көз – ақиқат» деп айтқан. Көз тию деген бар, бар болғаннан кейін барынша сақтану керек деп ойлаймын. Сол себепті қазір бала-шағамды көрсетпеймін», - деп жауап берді ол.