Ақмола облысында оқушыны ұрған мұғалімге қатысты тергеу басталды

Оқиға Ақмола облысы Жібек жолы ауылындағы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектепте болған.

Ақмола облысында оқушыны ұрған мұғалімге қатысты тергеу басталды
1526

Ақмола облысында мұғалім оқушының басын мектеп тақтасына ұрып жатқан сәтте түсірілген видео тараған болатын. Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға Ақмола облысы Жібек жолы ауылындағы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектепте болған. Мұғалім осы әрекеті үшін үш жылға дейін немесе одан да көп мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылуы мүмкін немесе 160 АЕК-ке дейінгі айыппұл, сол мөлшердегі түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тартылады. Басқа жағдайда мұғалім 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

«Аршалы ауданы Жібек жолы ауылындағы орта мектепте болған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді Ақмола облыстық Полиция департаментінен.

 

Серіктес жаңалықтары