Зейнетақы мен жәрдемақы көлемі бірден өспейді

Зейнетақы мен жәрдемақы көлемі бірден өспейді

Зейнетақы мен жәрдемақы көлемі бірден өспейді
ашық дереккөзі
320

Келесі жылы елімізде зейнетақы мен бала туылуына байланысты берілетін жәрдемақы көлемі бірден емес, сатылап өсетін болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген салтанатты жиында 2017 жылы зейнетақы мен баланың туылуына байланысты бір реттік жәрдемақыны 20%-ға көбейтуге бұйрық бергені белгілі.

"Зейнетақыны 1 қаңтардан бастап 9%-ға көбейтеміз. 1 шілдеден бастап 11%-ға көбейтіледі. Сонда жыл бойына 20%-ға артады. Баланың туылуына байланысты берілетін жәрдемақыны 1 қаңтардан бастап 7%-ға арттырамыз, ал 1 шілдеден бастап 13%-ға көбейеді", — деді Дүйсенова сейсенбі күні үкімет отырысында.

 

Серіктес жаңалықтары