1148
Шымкенттік шенді жылдық табысы 5 миллионнан асып жығылатынын айтты
Шымкенттік шенді жылдық табысы 5 миллионнан асып жығылатынын айтты
Үкімет 2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компания қызметкерлерінің барлығы «активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны» тапсыруға міндетті болады деп мәлімдеген болатын. Жоспар бойынша келесі жылы табыстары және мүлкі туралы декларацияны мемлекеттік қызметшілер, қызметкерлер, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар, депутаттар, судьялар, ал 2020 жылдан бастап - барлық қалған азаматтар тапсыруға тиіс.
2015 жылғы табыс декларациясы бойынша, Батырбек Көшербайдың жылдық табысы 5 434 547 теңгені құраған екен. Ал 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл азаматтың банктік есеп-шоттарындағы қалдықтарының көлемі келесідей: «Сбербанк» АҚ карталық шотында - 62877 теңге, «Халық банкіндегі» карталық шотта – 851561 теңге, ал «Қазкоммерцбанк» АҚ карталық шотында 10754 теңге болған.
"Менің пікірімше, табыс декларациясын жариялау – заман талабы. Бұл қадам қоғамдағы азаматтардың активтері мен кірістерін көлеңкеден шығаруға көмектеседі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте де маңызды рөл атқармақ. Осы арқылы еліміздегі қаржының ашықтығы қамтамасыз етілмек әрі бюджетке түсетін түсімдердің артуына ықпал жасайды", - дейді Батырбек Көшербай.