Дулат Исабеков: "Әй, оңтүстіктің әйелдері, тумаңдар енді!" дер едім

Дулат Исабеков: "Әй, оңтүстіктің әйелдері, тумаңдар енді!" дер едім

Дулат Исабеков: "Әй, оңтүстіктің әйелдері, тумаңдар енді!" дер едім
ашық дереккөзі
453

Оңтүстік Қазақстан облысында ұйымдастырылған қамқорлық акциясына қатысқан Дулат Исабеков өңірде бала саны шектен тыс көбейіп кеткенін айтқан Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның сөзін сынға алды. 

NUR.KZ-тің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аймақтан шыққан 200-ге жуық танымал азаматтың басын қосып, қамқорлық акциясын өткізген. Акцияның мақсаты – алда атқарылатын ортақ істерді жоспарлап алу. «Туған жерді түлету – перзенттік парыз» деп аталатын шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, қазақ эстрадасының өнер жұлдыздары мен кәсіпкерлер қатысқан.Олардың қатарында жазушы, драматург Дулат Исабеков те бар. Сахна төріне шыққан ол оңтүстік өңірі еліміздің ырыс-құты, қазақ тілі мен ел демографиясының алтын бесігін екенін атап өтті. Одан өзге Дулат Исабеков осыдан бірнеше ай бұрын ел ішінде қызу талқыланған мәселе – бала санының артуынан билік мектеп салып үлгермей жатқаны туралы жайтты назарынан шығармады. «Өткен жолы бір адам бәлкім өсек пе білмеймін, «Біз мектеп салып үлгере алмай жатырмыз, баланы аз туыңдар» деп айтып кетіпті. Оны кім айтқанын айтпай-ақ қояйын бұл жерде, шіркін-ай, сол жиналыста мен болмадым ғой. Басымды сол жерде жұлып алса да: «Әй, оңтүстіктің әйелдері тумаңдар енді, мына кісі шаршапты ғой, мектеп салып үлгере алмай жатыр екен ғой. Күйеулері мен әйелдері екі жақта тұрыңдар, жоламаңдар бір-біріңе» деп айтар едім. Бір адамды екі адам қыла алмай жатқанда осындай мәселелерді естігенде күйіп кетесің ғой, жанып кетесің... Жерімізге өзіміз ие болу үшін санымыз 67 млн болу керек» деп ашынды жазушы. Еске салсақ, тамыз айында сол кездегі вице-премьер Дариға Назарбаева Түркістан қаласына жасаған сапарында ОҚО тұрғындары халық санының көбеюіне сүбелі үлесін қосып отырғаны соншалық, мемлекет балабақша мен мектеп салып үлгере алмай жатқанын айтқан еді.
 

Серіктес жаңалықтары