50330
Ақсақал әкімді «жекпе-жекке» шақырды (ВИДЕО)
Ақсақал әкімді «жекпе-жекке» шақырды (ВИДЕО)

Шымкенттің тұрғыны шаһарды дамыту бойынша бұрыннан бері көтеріп жүрген мәселесін тек қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өзіне ғана айтамын деп қабылдауына сұранды деп хабарлады turkystan.kz.
Қала әкіміне ол: «Мен сенбеймін. Сенбеймін, мен білемін ғой. Телефоныңды берші, жазып алайын», - деп телефонын сұрады. Әкім: «Ертең сенбіде». Ақсақал: «Жекпе-жек дедім». Әкім: «Жекпе-жек». Ақсақал: «Мен депутаттарға да сенбеймін. Түсініп ал». Әкім: «Все. Келістік, келістік».Әйтенов осылай оның өтінішіне жауап беріп, 9 сәуір күні жеке қабылдауға келісті. Тағы оқи отырыңыз: Нұрболат Жұмабаев қаза тапқан Шымкенттегі Полиция департаментіне Мұрат Әйтенов арнайы барды