Нұрболат Жұмабаев қаза тапқан Шымкенттегі Полиция департаментіне Мұрат Әйтенов арнайы барды

Нұрболат Жұмабаев қаза тапқан Шымкенттегі Полиция департаментіне Мұрат Әйтенов арнайы барды

Нұрболат Жұмабаев қаза тапқан Шымкенттегі Полиция департаментіне Мұрат Әйтенов арнайы барды
ашық дереккөзі
Осыдан алты күн бұрын ғана ғимаратында адам өлген департаментте мерекелік жиын өтті, деп хабарлады turkystan.kz «Экспрес К» сайтына сілтеме жасап. Қала басшысы ішкі істер органдарының басшылары мен жеке құрамды мерекемен құттықтап, «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мемлекеттік марапаттарын табыстады. Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, шаһар басшысы жиында полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтаудағы жетістіктерін атап өткен. марапат Сонымен қатар тәртіп сақшыларының қызмет көрсету жолында жаңа бастамалар жүзеге асқанын айтты. Мерекелік жиында бірқатар полицей марапатталған. Естеріңізде болса, 8 желтоқсан күні департамент ғимаратында 31 жастағы жігіт көз жұмды. Кейінірек марқұмға полицейлер тарапынан күш қолданылғаны белгілі болды.