Мағзұм Мырзағалиев қызметінен босатылғаны жайлы жазды

Мағзұм Мырзағалиев қызметінен босатылғаны жайлы жазды

Мағзұм Мырзағалиев қызметінен босатылғаны жайлы жазды
ашық дереккөзі
50304
Бүгінге дейін Қазақстанның Энергетика министрі болып келген Мағзұм Мырзағалиев төрт айлық жұмысын қорытындылап, әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін мен Энергетика министрі қызметіндегі жұмысымды аяқтадым. Мемлекет басшысына маған артқан зор сеніміне алғыс білдіремін. Сонымен қатар, мұнайгаз және энергетика саласындағы әріптестеріме, ардагерлерге және сарапшыларға осынау қысқа уақытта бірге өнімді еңбек еткені үшін алғыс білдіремін. Болат Ақшолақов - осы салада көп жылдан бері қызмет етіп келе жатқан өз ісінің маманы. Сәттілік пен жетістік тілеймін!», - деп жазды экс-министр Twitter-де.
Айта кетейік, 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап аталған ведомствоны Болат Ақшолақов басқаратын болды.  

Серіктес жаңалықтары