Берлинде тұратын қазақ отбасы ана тілін үйрететін цифрлық жоба әзірледі

/
Берлинде тұратын қазақ отбасы ана тілін үйрететін цифрлық жоба әзірледі

Жат жерде жүріп ана тілін сақтау – шет­елде тұратын қазақ отбасылары үшін өзекті мә­селенің бірі. Әсіресе, баланың тілі шығып, ай­наласын тани бастаған шағында қазақ ті­ліндегі сапалы әрі қызықты контенттің маңы­зы арта түспек. Германияның Берлин қа­ла­сында жұмыс істейтін қазақстандық бағ­дарламашы Әділбек Түменбаев пен жұ­байы Гүлжаз Мұсылманқұлова да осы мәсе­ле­мен бетпе-бет келген. Ақырында, олар шет­елдегі қазақ балаларының ана тілін ұмыт­пауына көмектесетін цифрлық жоба жа­сап шығарды. Бастапқыда ертегілер жи­нағы ретінде құрылған платформа бүгінде бала­ларға арналған интерактивті экожүйеге ай­налған.

Негізгі мамандығы серверлік бағдар­ла­малау саласының аға инженері Әділбек Тү­мен­баев болашақ балаларына қазақ тіліндегі ерте­гілер мен танымдық материалдар іздей бастайды. Алайда балаларға арналған цифр­лық контенттің жеткіліксіз екенін байқап, мә­селенің шешімін өздері қолға алуды ұй­ғар­ады.

Осылайша, бірге қазақша www.ertegiler.kz: платформасын әзірлеуге кіріседі. Алға­шын­да сайтта тек қазақ ертегілерінің мәтін­дері жи­нақ­талады. Кейін жоба біртіндеп кеңейіп, қыс­қаша ертегілер негізінде мультфильмдер жа­салып, аудиоертегілер де әзірленген. Ерлі-зайып­тылар ертегілерді өздері дыбыстап, ба­лаларға ана тіліндегі шығармаларды тың­дауға мүмкіндік берген.

Бүгінде жоба тек ертегі оқитын сайт емес, балалардың қазақ тілін үйренуіне және ұлттық мәдениетпен танысуына арналған цифр­лық ортаға айналған. Платформада ер­тегі оқуға, аудионұсқаларын тыңдауға, мульт­фильм көруге, қазақ тілін үйренуге және тіпті ұлттық асық ойынын ойнауға бо­ла­ды.

Жобаның аудиториясы да жыл санап кеңейіп келеді. Әділбектің айтуынша, плат­формаға ай сайын 60 мыңға жуық отбасы кіреді. Оның 6 мыңы жеке аккаунт ашқан. Сайтта қазақтың танымал ертегілері 100 мың­нан астам рет оқылған. Ал мобильді қо­сым­ша бір айдың ішінде мыңнан астам рет жүктелген.

Жоба авторлары соңғы уақытта жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланып, жаңа интерак­тивті қызмет те іске қосқан. Енді ата-аналар бала­сының фотосуретін жүктеп, ол туралы мәлі­меттер енгізу арқылы өз баласы басты кейіп­кер болатын шағын ертегі кітабын жа­сай алады. Бұл баланың кітапқа деген қызы­ғу­шылығын арттырып қана қоймай, қазақ тіліндегі шығармаларды оқу дағдысын қа­лып­ттастыруға мүмкіндік береді.

Әділбек Түменбаев пен Гүлжаз Мұсыл­ман­құлова алдағы уақытта ертегілердің са­пас­ын жақсартып, жаңа шығармаларды қа­зақ тіліне аударуды, оларды дыбыстауды жә­не балаларға арналған интерактивті мүм­кіндіктерді көбейтуді жоспарлап отыр.
Осылайша, Берлинде тұратын қазақ от­басының өз баласына ана тіліндегі контент іздеуінен басталған бастама бүгінде мыңда­ған отбасы пайдаланатын цифрлық жобаға айналды. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары