50295
Қазақстандық теннисші US Open жеңімпазын ұтты
Қазақстандық теннисші US Open жеңімпазын ұтты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2021 жарысының жеңімпазы Эмма Радукануды жеңді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлемнің 13-ші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина WTA 500 Sydney Tennis Classic жарысын сәтті бастады. Қазақстандық теннисші әлемдік US Open додасының жеңімпазы Эмма Радуакануды 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.
55 минуттық ойын кезінде Елена төрт эйс пен бес брейк жасады.
Сиднейдегі турнирдің екінші айналымында Рыбакина француз теннисшісі Каролин Гарсиямен ойнайды.