212
COVID-19: Қазақстанның бір облысы "қызыл" аймақтан шықты
COVID-19: Қазақстанның бір облысы "қызыл" аймақтан шықты
Денсаулық сақтау министрлігі 3 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
2 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 4 облысы «қызыл» аймақта тұрған еді. Олар: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары.
Бірақ бүгін Батыс Қазақстан облысы ол аймақтан шығып, «сары» аймаққа кірді. Осылайша, 3 ақпандағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта 3 облыс қалды.
Сонымен қатар кешегі матрица Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының «сары» аймақта орналасқанын көрсеткен. Алайда бүгін бұл қатарға «қызыл» аймақтан шыққан БҚО кірді. Яғни қазіргі уақытта «сары» аймақта 5 облыс пен 1 қала бар.
Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта.
Жалпы Қазақстан әлі де «сары» аймақта тұр.