Карантин: Түркістан облысында 300 адам шақырылған той тоқтатылды

Карантин: Түркістан облысында 300 адам шақырылған той тоқтатылды

Карантин: Түркістан облысында 300 адам шақырылған той тоқтатылды
ашық дереккөзі
360
Түркістан облысы Сарыағаш қаласында орналасқан «Кәусар хол» тойханасы шектеу шаралары енгізілгеннен бастап бірнеше рет той-жиын өткізіп, бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларын өрескел бұзғаны анықталды. 2021 жылдың 28 қаңтар күні мобильді мониторингтік топтар тарапынан жасалған жоспардан тыс тексеру барысында сағат 15:30 шамасында 300 адамға үйлену тойы өткізіліп жатқаны анықталды. Тойхана иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Қазіргі уақытта Сарыағаш қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері аталған тойхананың жұмысын тоқтату бойынша экономикалық сотқа талап арыз дайындауда.

Серіктес жаңалықтары