3907
«Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі»
«Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі»
Әлеуметтік желіде қалың көпшілікке «Қандай кітап оқып жатырсыз?» деген сауал тасталып, белгілі ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет қайраткерлері мен басқа да азаматтар өздері оқып жатқан кітаптары жайлы жарыса жазып, жап-жақсы үрдіс бастады. Жазушылар одағының басшысы, белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет жолдаған эстафетаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жалғастырып, қараша халыққа қандай кітап, газет-журнал оқып жатқанын жария етті. Президент оқуға кеңес берген басылымдар ішінде Turkistan халықаралық газеті де бар.
«Қазіргідей елең-алаң уақытта баршаңыздың күнделікті тіршіліктеріңіз өзгеріске ұшырағаны белгілі. Пандемиядан қорғанудың бірден-бір жолы – әлеуметтік оқшаулану, яғни үйде болу екенін жаһан жұртшылығы мойындап отыр. Әрине, бұл – уақытша құбылыс, өтпелі кезең. Дегенмен осы уақытты барынша тиімді пайдалану – әрбір адамның өз қолында. Сондықтан осы карантин күндері ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет қайраткерлері және қатардағы азаматтарымыз әлеуметтік желіде «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын ұйымдастырған екен. Бұл бастаманы толық қолдаймын және осындай игі істі қолға алған отандастарыма шынайы ризашылығымды білдіремін.
Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-дағы ресми парақшасында. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазір өзі оқып жатқан шығармалар мен басылымдар жайлы айтып, бірнеше кітапты оқуға кеңес берді.
Президент қазір оқып жатқан шығармалар мен басылымдар:
- Жүсіп Баласағұн. Құтты билік,
- Абай Құнанбаев. Хикмет кітәбі. Книга мудрости. Book of wisdom,
- Winston Churchill. The Second World War. Volume III. The Grand Alliance,
- Тұрсын Жұртбай. Құнанбай,
- Ерлан Сыдыков. Кунанбай,
- Адам Туз. Крах. Как десятилетие финансовых кризисов изменило мир,
- Алек Росс. Индустрии будущего. The Industries of the future,
- Кевин Келли. Неизбежно. 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее,
- Parag Khanna. The Future is Asian,
- «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», Turkistan және т.б. газеттер, «Жұлдыз» журналы.
- Абай Құнанбайұлының өлеңдері, қара сөздері,
- Әбу Насыр Әл-Фарабидің философиялық трактаттары,
- Мұхтар Әуезов «Абай жолы»,
- Әбіш Кекілбаев. «Үркер» және т.б шығармалары,
- Ілияс Есенберлиннің шығармалары,
- Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» шығармасы,
- Әбді-Жәміл Нұрпейісовтың шығармалары,
- Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз», «Тағдыр»,
- Мұхтар Мағауин «Аласапыран»,
- Дулат Исабеков «Қарғын»,
- Ілияс Жансүгіров өлеңдері,
- Әкім Тарази шығармалары,
- Роза Мұқанованың пьесалары,
- Смағұл Елубай. «Ақбоз үй» және тағы басқа шығармалары,
- Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
- Федор Достоевскийдің шығармалары,
- Лев Толстойдың шығармалары,
- Антон Чеховтың әңгімелері, повестері, пьесалары,
- Иван Буниннің шығармалары
- Эрих Мария Ремарктың «На западном фронте без перемен»
- Никколо Макиавелли. «Государь»,
- Алексис де Токвиль. «Демократия в Америке»,
- Жан Монне.»Реальность и политика»,
- Ли Куан Ю «Из третьего мира – в первый. История Сингапура (1965-2000)»,
- Наом Хомский. «Создавая будущее»,
- Мэтью Барроуз «Будущее: Рессекречено. Каким будет мир в 2030 году»,
- Энтони Кенни. «Батыс философиясының жаңа тарихы»,
- Клаус Шваб. «Төртінші индустриялық революция»,
- Джон Гэмбл, Маргарет Питереф, Артур Томпсон. «Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу»,
- Росс Данн, Лора Митчелл. «Panorama: Дүние жүзі тарихы».