Қазақ халқының ерекше қонақжайлығын сезіндік – АҚШ мемхатшысының орынбасары

/
Қазақ халқының ерекше қонақжайлығын сезіндік – АҚШ мемхатшысының орынбасары

Қазақстанға арнайы сапармен келген АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау қазақ елінің қонақжайлығына тәнті болды , деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақ жеріндегі әсері жайлы АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазақстанның ең ірі қаласы әрі қаржы орталығы – Алматы Іле Алатауының баурайында орналасқан. Қаладан небәрі жарты сағаттық жерде әлемге әйгілі «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты бар. Біз мұнда қазақ халқының ерекше қонақжайлылығын сезіндік. Алтын қыран мен жаңа қазақ достарымның арасында өзімді үйімдегідей сезіне бастадым!", - деп жазды Кристофер Ландау.

Айта кетейік, құрметтік қонақтар қазақ-америка қарым-қатынасының перспективасы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің мәселелері талқыланатын бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарлаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары