Қазақстандық жүзгіштер Азия ойындарында күміс медаль иеленді

/
Қазақстандық жүзгіштер Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден күміс медальға ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшылар 4х100 метрлік аралас эстафетада екінші болып мәре сызығын кесті.

Бұл сында ел намысын Александр Румынский, Анатолий Руденко, Фёдор Диденко және Әлихан Құтлұмұрат қорғады.

Бірінші орынды Гонконг командасы жеңіп алды, ал Оңтүстік Корея спортшылары үздік үштікті түйіндеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары