«Кірпішпен ұрған»: Жамбылдық келіншек көршісінің үйіне басып кірген

/
«Кірпішпен ұрған»: Жамбылдық келіншек көршісінің үйіне басып кірген
istockphoto.com

Мойынқұм аудандық соты күш қолданып тұрғынжайға заңсыз басып кіргені және денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін айыпталған азаматшаға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылдың қыркүйегінде Мойынқұм ауылында сотталушы мен жәбірленуші келіншек арасында қақтығыс болған. Сотталушы жәбірленушінің үйіне заңсыз кіріп, оған кірпіш лақтырып, дене жарақатын салған.  Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, денсаулыққа зиян орташа ауырлықтағы санатқа жатқызылды.

Сотта айыпталушы кінәсін мойындап, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші сотталушыға талаптары жоқ екенін және оны кешіргенін айтты.

Сот отырысында тараптар татуласуға байланысты істі тоқтату туралы өтініш берді.

Сот істі тоқтатып, айыпталушыны қылмыстық  жауаптылықтан босатты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары