Бразилияда өз жерлеуінде тіріліп кеткен сәби қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Metropoles.com хабарлаған.
Ақпарат бойынша, сәби анасының жүктілігінің 24-аптасында дүниеге келген. Босану кезінде анасының қан кету жағдайы мен қауіптерге байланысты, оны басқа ауруханаға ауыстырған, себебі бастапқы емханада қажетті жабдықтар болмаған.
Алайда дәрігерлер баланы аман алып қала алмаған. Қорытындыда нәрестенің жатырішілік гипоксиядан (оттегі жетіспеушілігі салдарынан) көз жұмғаны жазылған.
Дәрігерлер оның өлімін тіркеп, денесін жерлеу үшін отбасына тапсырған. Алайда жерлеу алдында туыстары сәби жатқан табытты ашқанда, баланың жылап жатқанын байқаған.
Тірі қалған сәби дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалаған. Біршама уақыт жансақтау бөлімінде болғанымен, сәби өмірмен қош айтысқан.
Оқиғадан кейін прокуратура тергеу жұмыстарын бастады.