Түркістан облысында бір жастағы бала 4 сантиметрлік шегені жұтып қойған

/
Түркістан облысында бір жастағы бала 4 сантиметрлік шегені жұтып қойған

Түркістан облыстық балалар ауруханасында бір жасар баланың өмірі құтқарылды. Оқиға 27 қазан күні болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол ұзындығы төрт сантиметр болатын бұрамалы темірді жұтып қойған.

Бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Емдеум мекемесіне келген кезде оның тынысы тарылып, тұншығып жатқан.

Дәрігерлер шұғыл ота жасап, бөгде затты көмейінен алып шықты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары