ТЖМ қызметкерлері Алматы облысының Қарасай ауданындағы Мұғалім шыңында қолын сындырып алған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ведомствоның мәліметінше 112 қызметіне сигнал кеше түскен. 1999 жылы туған ер адам қолын сындырып алып, өздігінен төмен түсе алмай жатқанын хабарлаған.
Тау жолымен өте алмауына байланысты жедел жәрдем бригадасының көлігі оқиға орнына жете алмады.
«Құтқарушылар зардап шеккен адамға жетіп, оны төменге түсіріп, жедел жәрдем тобына табыстады», - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ тауға серуенге шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертті. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керек.