23 Ақпан 2018, 11:39 1729 0 Өндіріс Анар ЛЕПЕСОВА

Қазақстанда жер құнарлылығы төмендеген

Қазақстанда минералды тыңайтқыштар көп пайдаланылмайтындықтан топырақ құнарлылығы төмендеген. Бұл ауыл шаруашылығында өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соғады. Таразда өткен Азияның 6-шы агрохимиялық форумында бұл мәселе мамандар талқысына түсті.

Форумға ТМД елдерінің ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері, 400-ге жуық ірі шаруақожалық иелері мен тауар өндірушілер қатысты. 12 мемлекеттің тыңайтқыш өндіретін жетекші компаниялары өз өнімдерін ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті. Халықаралық жоба көктемгі егіс жұмыстарының алдында арнайы ұйымдастырылып отыр.

Айта кету керек, жалпы Қазақстан жеріне екі жарым миллион тоннадан артық минералды тыңайтқыш пайдаланылуы керек. «Ал қазір бар болғаны 300 мың тонна ғана қолданылады», – дейді мамандар.

"Қазақстанда ауыл шаруашылығында жердің құнарлылығы өте төмен. Мүшкіл жағдайда деп айтуға болады. Мысалы, Голландияда бір гектарға 750 келі минералды тыңайтқыш болатын болса, Қазақстанда бар-жоғы төрт-ақ келі. Ал бұл жердің құнарлылығына байланысты. Егер бүгін жердің құнарлылығын құртатын болсақ, ертеңгі ұрпақтарымызға не қалады?" дейді  Қазақстанның Еңбек ері Мұқаш Ескендіров.

Соңғы жаңалықтар